15 Ақп 2021
Мектептегі тамақтану

Мектептегі тамақтану

Достық «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша ыстық тамақты ұйымдастыру туралы анықтама Мектепте оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша мектепішілік бұйрық шығарылды (№6, 15.01.2021 ж.). Ыстық тамақты ұйымдастыру туралы нормативтік-құқықтық құжаттар жинақталды. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына төрт апталық мәзір жаймасы дайындалды, бекітілді. Осы шаралар барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылар анықталды.Білім және ғылым министрлігімен бекітілген мемлекеттік қызметтер регламентің орындау мақсатында әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардын шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтылуына байланысты мектепте коллегиялық кеңес құрылды (№7 бұйрық,15.01.2021 ж.). Кеңесте ата-аналардан балаларын ыстық тамақпен камту туралы түскен өтініштер және тиісті құжаттары қаралды, шешім қабылданып аудандық білім бөліміне тапсырылды. ТАББ бөлімінің анықтамасы негізінде жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейі төмен отбасындағы оқушылар 8 және қамқорлықтағы 1 оқушы, патронаттық тәрбиедегі 2 оқушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан 4 оқушы, 1-4 сынып оқушылары, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері ыстық тамақпен қамтылды. Мектеп бойынша 58 оқушы ыстық тамақпен қамтылды(оқушылардың тізім жасалып бекітілді,). Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардын тамақтануын сынып жетекшісі, асханада кезекшілік атқаратын мұғалім, әлеуметтік педагог және мектеп әкімшілігі тарапынан кезекші мұғалім қадағалайды. Асхананың жұмыс кестесі жасалып бекітілді, кезекшілік ұйымдастырылды. Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераждық комиссия құрылды (№5 бұйрық,15.01.2021 ж.). Бракераждық комиссия жоспарына сәйкес 2021 ж. 1 ақпан күні мектеп асханасындағы сапалы тамақтандырудың ұйымдастырылуы бойынша мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында қаралғаны: -Келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасы, дайын тамақтың сапасын бақылау тәртібін орындалуы, техникалық құрылғылардың жағдайы. Тексеру барысында анықталғаны: -Тексеру күндері ас мәзірі ілінген, бекітілген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген, сыныптардың тамақтану кестесі бар. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттары сақталады. Түскен өнімдердін атауы, сатудың соңғы мерзімі, шыққан күні, жарамдысы, дайындалған уақыты, қашанға дейін қолдану керегін мектеп медбикесі бақылауға алып, журналға тіркейді. Асханада әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыштехнологиялық жабдықтар жарамды, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады, тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасалған.Тоңазытқышта, қоймаларда, мұздатқыш камераларда сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимі сақталады және етке арналған жібіту графигі бар. -Ыдыстардың пішіні өзгерген, жиектері сынған, эмалы зақымдалған ыдыстар анықталды (3 ыдыс).Осы ыдыстар пайдаланудан дер кезінде алынды Қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.