Достық ЖОББ МББ кешені бойынша оқушылардың бойында салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру, құнарлы тамақтануды насихаттау жұмысы туралы ақпарат
Балалардың денсаулығын сақтау, балалардың ауруға шалдығуының факторы ретінде үйлесімді тамақтану мәселелерін қажеттілігі деңгейін арттыру мақсатында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.
- «Қандай азық-түліктер пайдалы?» 7-10 жастағы балалардың қатысуымен танымдық ойындар өткізілді
- «Оқушылардың тамақтануында көкөністер мен жемістердің маңызы» және «Оқушылардың су ішу тәртібін ұйымдастыру», «Фаст-фудтың зияны, витаминдердің пайдасы» атты тәрбие сағаттары оздырылды.
- «Ыстық тағамның пайдалы қасиеті», «Фаст Фудтың зияны» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Көптеген ата-аналар мен балалар фаст-фудтың адам денсаулығына зиян екенін толық біле бермейді. Сондықтан осы іс-шара фаст-фуд тағамдары туралы жан-жақты білуге, тануға, түйсінуге бағыттады. Тез дайындалатын тағамдар хот-дог, сухарики, чипсілер, кока-кола, тәтті газдалған сусын т.б. және осылардың оқушы ағзасына тигізетін әсері туралы ата-аналарға айтылды.
«Фаст-фудтың зияны, витаминдердің пайдасы» атты тәрбие сағаты
«Көкөністер мен жемістердің маңызы» атты тәрбие сағаты
«Ыстық тағамның пайдалы қасиеті», «Фаст Фудтың зияны» атты ата-аналар жиналысы