28 Қар 2020
Страницы KZ ЖОББ Достық мектеп-бөбекжай-бақша кешені

Біз туралы

Мектеп туралы ақпараттық анықтама.

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Семиглавый Мар мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 091006, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Достық ауылы, Желтоқсан көшесі,10 үй, телефон /факс 8(71139)24-264, 8 7113924-264,е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.2014 жылдың 30 мамырынан бастап,  Батыс-Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің  №177 қаулысы негізінде "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Семиглавый Мар мектебі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі деп аталады.

Білім беру қызметіне рұқсатнама: Мемлекеттік лицензия № 15001083-21.01.2015 ж. Занды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама  бизнес-сәйкестендіру нөмірі 970940000369 тіркеу нөмірі 142-1926-12-ММ алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 22.09.1997 ж.өзгерістер тіркелген күні: 11.11.2014 ж. Серия 27 № 0008859. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі 2001 жылдың 21 мамырынан бастап, салық төлеуші ретінде тіркелген және оған 271200000643 берілген күні 21.05.2001. Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт №0024795 жер участкесінің қадастрлық нөмірі: 08-124-011-018  жер участкесінің алаңы: 1,25 га. Берілген күні: 28 желтоқсан 2001 жыл № 809 болып кітапта тіркелген.

Білім беру ұйымының Жарғысы екі тілде жасалған, БҚО Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 30 мамырындағы №177 қаулысымен бекітілген. Мектептің құрылтайшысы болып БҚО Тасқала ауданы әкімдігі саналады. Уәкілетті органы «Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық білім бөлімі» болып табылады. Мектептің Жарғысының нысаны «Мемлекеттік мекемедегі, мемлекеттік ұйымдардағы және мемлекеттік кәсіпорындардағы типтік жарғысының Ережесін бекіту» туралы ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №919 Қаулысымен бекітілген типтік Жарғының үлгісіне сәйкестендіріліп жасалған.

Өзіндік аттестаттау барысында мектептің білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін жеке меншік немесе шаруашылықты жүргізу құқығы немесе оперативтік басқару бойынша материалдық, материалдық емес активтерді растайтын құжаттар тексерілді.

Мектептің пайдалы оқу аумақтары санитарлық нормаға, өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес. «ЖОББ Семиглавый Мар мектебі» ғимараты 1985 жылы салынған. Мектеп 1 ғимаратта орналасқан:екі  қабатты.

Жылу, су жүйелері орталықтандырылған. Мектеп құрылысының ауданы 941,6 м2 құрайды, жалпы алаңы 1099,3 моқу аумағы бір оқушыға шаққанда 12,6 м2, бұл көрсеткіш «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы қағидаларына сәйкес келеді.

Мектепте сабақ мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оқу кабинеттері мен зертхананың саны – 10.  Білім алушылар спорттық жабдықтармен, медициналық қызметпен және ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілген.

Медициналық қызмет көрсету кабинеті екінші кабатта орналасқан, бір бөлмеден тұрады. Жалпы аумағы 15,2м2, қызмет істеуге лицензия 2010 жылдың 07 қазанында берілген, сериясы  № 00499 DL.

Мектепте 1 спортзал бар,  жалпы аумағы 151,1м2.  Материалдық жағынан барынша қамтамасыз етілген. Спорт құралдарымен жабдықталған. Орны санитарлық – гигиеналық нормаларға сай.

Мектеп кітапханасы екінші қабатта орналасқан, аумағы 60,2м2, кітап сақтайтын бөлмесі бар.

Мектептің 1 қабатында  директордың кабинеті аумағы 12м2, қабылдау бөлмесі 1 қабатта орналасқан  аумагы 12м2. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарының кабинеті бар аумагы 8м2,

Мектепте өзін-өзі тану, психолог пен әлеуметтік педагог-тәлімгер кабинеттері бар. Арнайы жабдықталған химия, физика, биология кабинеттерінің ортақ оқу зертханасы бар. Оқу үдерісіне қолдаланылатын 15 және 1 дербес компьютерлермен жабдықталған, интернет желісіне қосылған.

Мектепте физика, информатика, биология, өзін-өзі тану, бастауыш сынып кабинеттері интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді..

Алғашқы  әскери дайындық кабинеті жабдықталған, рәміздер, плакаттар, кабинетке тиісті құралдар бар. Қару сақтайтын бөлмеде сейф, противогаздар, ЖӘҚТ костюмі – 15 дана тізімделіп орналасқан. Кабинетте оқу автоматы АК-74 саны - 1, пневматикалық винтовканың саны - 1,  ПМГ газтұмылдырығы – 20. Қару сақтайтын бөлме темір есікпен жабдықталған.

Мектеп ғимаратының бірінші қабатында мектеп асханасы орналасқан. Жалпы аумағы:  ас дайындайтын бөлме 27,5 м2, тамақтану бөлмесінің аумағы 33 м2. Тамақтану бөлмесінде қол жуатын орын, қол кептіргіш , диспенсер, тамақ үлестіретін және пайдаланылған ыдыстарды тапсыруға арналған терезе бар. Ас дайындайтын бөлмеде 1 тоңазытқыш, мұздатқыш камера , ауа сорғышымен 2 газ плита, ыдыс жуатын 3 шұңғылша, ыдыс кептіруге арналған 1 шкаф бар. Ас пісіретін және тамақтанатын ыдыс жеткілікті. Аралық тағам өнімдеріне өнімнің қауіпсіздігін растайтын  сертификаттар мен құжаттары  тіркелген, 2 апталық меню бар. Асхана қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

   Мектепте 1 автокөлік тіркелген. УАЗ 220-695-355, номері 024 АА 07, шыққан жылы 2013ж.

Мектеп ауласы қоршалған және 3 жарық  түсіруші құралдары бар,  мектептің іші мен сырты бейне камералармен жабдықталған. Мектеп ғимаратының әр кабинетінде  көлеміне сай өрт сөндіргіш орнатылып, дәліздер өрт дабылдамасымен жабдықталған.